ÄBAB

Көрген сайын айта берем
Шындық ащы қайтар емен
Кеттің алыс қайда менен ахоу

Өмір теңіз, батпай кемем
Шындық жерін таппай келем
Жалған теңіз қандай терең ахоу

Тас жұмып көзімді көр болып кетсем де сөз ұрды
Сөзіме керең боп кетсем де тереңде ой тұрды
Тіліме болдым тас қамал
Қалды ма енді басқа амал?
Өзегім өртеніп жансын
Әйтеуір бас аман болсын

Сұрағым болса да сұрауға жетпеді батылым
Жалған сөз, өзіңе жалғап сөз кеттім бе боп құлың?
Шындықты өлтірдім буып
Қолымды ақ қанмен жуып
Енді өзіңе үнсіз жаусың
Әйтеуір бас аман болсын

Бір күн дауыл келер ме екен
Құр айналып өтер ме екен
Үрей толы қатер мекен ммм

Сыртым бейбіт, ішім кепкен
Қажып осы жекпе-жектен
Жетем қалай шықпай шектен ахоу

Тимес-ау ешкімге оның жамандығы
Жігердің деп ойлама сараңдығы
Жігіттік одан да бір табылады
Дәл қазір керек бастың амандығы



Credits
Writer(s): Sayan Seidigali
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link