Dem al

Сол айдың сәулесі тыным бермей жай менмен тілдесуде
Айналам ойларға толы қиялмен үндесуде
Тауып ал аралап тұңғиықтан
Жаралғам түніммен тың қиялдан
Ал таң ата ұшқын қалмад(ы) дым
Түн жибермейд(і), ал күнге болса мейлі

Көрінбеймін көзге елестей
Бұл әлеммен ойым келіспей
Тоқтатпа тек жүрегім үндейд(і)
Сезіммен қозғал...

Ауада, кеудеңе мені терең ал
Ерітемін сенің бойыңды (э,оу)
Ойыңда не барын мен білемін (э,оу)
Менімен дем ал, менімен

Сол айқын бейне боп көрінгенмен іште жұмбағы тым көп
Сол жұмбақтың шешімін кел, менімен тауып көр ал
Уақыт сәл баяулайды айналамда
Ертегі сиқырға айналам да
Сен жоғалтпа мені сеніммен
Сен жіберме, ал өзге болса мейлі

Кеудеңе мені терең ал
Ерітемін сенің бойыңды (э,оу)
Ойыңда не барын мен білемін
Менімен бойыңа ем ал
Ойланба
Кеудеңе мені терең ал
Ерітемін сенің бойыңды (э,оу)
Ойыңда не барын мен білемін
Бойыңа ем ал, менімен дем ал

Дәл осы сәттен ляззаттан, кел
Бұл енді қайталанбайды, білем(ін)
Біздің қосылыс тым улы дауыл...



Credits
Writer(s): жулдыз кенжебаева, рахат масакбай
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link