Köshe

Көшені сен тұратын
Өз үйімдей білемін
Көңіл сырын ұғатын
Дала кезіп жүр едім

Сезгендей де жұлдыздар
Жалт-жұлт етіп қояды
Аспандағы мың қыздар
Бір күлкіңе сияды

Бір көрсем деп жүзіңді
Қаншама рет келіп ем
Ішімдегі сезімді
Терезеңе беріп ем

Сүйгенімді білдірдім
Бүгін бәрі ерекше
Мүмкін бәрін бүлдірдім
Бірақ асау жүрек ше?

(Асау жүрек)
(Еш көнбейді)
(Қайта-қайта)
(Сүйем дейді)

(Асау жүрек)
(Еш көнбейді)
(Қайта-қайта)
(Сүйем дейді)

Терезеңе үңіліп
Тағы бір таң атырдым
Жауабыңнан түңіліп
Үмітімді батырдым

Найзағайдай бір сәтте
Шаншып өтті үн ащы
Телефонымның әттең
Күші қапты бір тамшы

Елең еттім алайда
Сенен келген бір хаттан
Жүрек шіркін тулайды
"Мен де сені ұнаттым"



Credits
Writer(s): Sayan Seidigali
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link