Балапаным

Қар түскен күні, сен келдің
Жылып кетті, іші суық бөлмемнің
Шапқан аттай соғып, жүрегім
Қуанышта, тербелдім

Әке болып қалдым ба, мына жалған алдында?
Бұрынғыдан өзімді, жауаптырақ сезіндім
Ғашық көзбен қарадым, ұрпағыма өзімнің
Бұрынғыдан өзімді, бақыттырақ сезіндім

Бойында сенің атанын күші
Үрім-бұтағым, менің м м м
Сенің бір иісің, жұмақтын исі
Айналаиың, менің м м м
Бойында сенің атанын күші
Үрім-бұтағым, менің м м м
Сенің бір иісің, жумақтын исі
Айналаиың, менің м м м

Балапаным менің, м м м
Өмірімнің жалғасы, келші қасыма
Келші қасыма, жақсылықтың ордасы
Өмірімнің жалғасы, м м м

Жауған қардай, түнерсе де қабағым
Таңғы шықтай, мөлтілдейді жанарың
Алдыма алып, бір иіскесем, қарағым
Мейірленіп, сергіп қаламын

Күлкің сенің ақ бұлақ, кәусар сезім атқылап
Шаттық толып көңілге, мына дарқан өмірде
Кеудеге толып әнім, жырдан маржан тергендей
Көрсем сені жаным, мәңгі көктем келгендей

Бойында сенің атанын күші
Үрім-бұтағым, менің м м м
Сенің бір иісің, жұмақтын исі
Айналаиың, менім м м м
Бойында сенің атанын күші
Үрім-бұтағым, менің м м м
Сенің бір иісің, жұмақтын исі
Айналаиың, менім м м м



Credits
Writer(s): шынгыс шаяхмет акылбекулы
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link