Uaqyt

Өмірдің сынағы көп
Жауапсыз сұрағы көп
Дүние бір сәт тұрмайды
Сен құлап, жылады деп

Тағдырдың заңы басқа
Әркімнің бағы басқа
Әр сағат, әр ай, әр жылың
Жазылар бәрі таспа

Сынаптай сырғиды уақыт
Тоқтауды білмейді уақыт
Әлемді тұрсаңда билеп
Керсінше жүрмейді уақыт

Жараңды емдейді уақыт
Жалғанға сенбейді уақыт
Өтеді өмірден бәрі
Ал уақыт... Өлмейді уақыт!

Байлықтың қамалын бек
Ойлама аламын деп
Қалады өмір соңында
Жасаған амалың тек

Қонғанда бағым басқа
Толғанда көзім жасқа
Болмайын дұшпанға таба
Болмайын күлкі досқа!

Сынаптай сырғиды уақыт
Тоқтауды білмейді уақыт
Әлемді тұрсаңда билеп
Керсінше жүрмейді уақыт

Жараңды емдейді уақыт
Жалғанға сенбейді уақыт
Өтеді өмірден бәрі
Ал уақыт... Өлмейді уақыт!

Сынаптай сырғиды уақыт
Тоқтауды білмейді уақыт
Әлемді тұрсаңда билеп
Керсінше жүрмейді уақыт

Жараңды емдейді уақыт
Жалғанға сенбейді уақыт
Өтеді өмірден бәрі
Ал уақыт... Өлмейді уақыт!

Ал уақыт... Өлмейді уақыт!



Credits
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link