Sabyr

Жете алар емеспін
Қанша асықсам да
Әлсізсің демессің
Ооо сабырым

Әлдеңені күте
Өтті ғой ғұмырым
Жаздады ма біте
Ооо сабырым

Ойым қара бұлт, жаным көлеңке, өлеңге
Салып тұман ойды, қызық сырттан көргенге
Жүргенге жол ауыр, жолдасым сен сабыр
Сыбырламай шығар дауысыңды қатты бір
Сары алтын емес іздегенім тыныштық
Тыныс тартылса да тоқтамауға тырыстық
Астық тау су асудан, күндіз демей түн демей
Тыныш болсын жүрегім, сен қалма үндемей

Қалмайды қадырі
Өзіңсіз уақыттың
Үміт - бос әуре
Оооо

Жоқ дегенге жаным сенбейді
Сабыр, қалқам сен өлсең табам ба сендейді
Айып менде, ақылым көнбейді
Шыдамым таусылса да көздегі отым сөнбейді

Тым болмаса дем бер ымменен
Сынығың болса жөндейін байлап сымменен
Сынағым бұл менің
Сынбаймын су тегін
Шынайы жанашырлық сенен көрдім тек сенен

Оттай боп кеудем, оттай бер сен де
Сабыр сарқылмайды табылар ғой күш менде
Қара бұлт төнбейді, жігерім өлмейді
Мәңгі қалар жүрегімде асыл сол бейнең

Осы болар деген сабыр сақтау
Әлсіздікке бой бермей, нәпсіге жақпау
Қиын екен жан жолдасыңды жоқтау
Сабырымды жоқтап, сабыр таптым, ахау



Credits
Writer(s): Sayan Seidigali
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link