Oıatpa meni

Апта ұзап барады, жатпа!
Қалтаңда үңгір қаптар
Таста! босқа суыды тамағың
Өлердей бір күн аштан
Жастар талабы - сабақ алып
Табу керексің ақша!
Асыраушың бар ме еді?
Қимылдашы осы бастан

Демалыс жоқ менде
Демалатын бе еді пенде?
Ең алыс жол елде
Қиындықтың бәрін көрген
Бейтаныс бұл өмір
Көрінбейді ешбір бейне
Түндер ұйқысыз
Төгілгендей сенім кейде

Жанымды тапсырамын әнге
Өкініш жоқ, дегенмен қарадым мен
Жалынды жастық өтті шөлдеп
Оятпа мені!
Жанымды тапсырамын әнге
Өмірім шоқ! күл болып қала берем
Бәрібір, жақсы болсын күндер
Оятпа мені!

Жұмыс істе, өмір сүріп жұмыспен
Өңімде еш өзгеріс жоқ
Қаптаған көкөністер
Көзі ашық, бірақ сығалап жүр
Бұл кеңес өндірістері
Маған ғашық, бірақ сабалайтын
Бұл тағдырмен бөліспедім

Қап-қара бұлт, тап қара - бұл дақ қана
Аз қана қалды, Астанада жатқаным
Бақ қуалап, ақша жинап, батпағын
Баспана жоқ, бастаганым тақпағым

Бейтаныс бұл өмір
Көрінбейді ешбір бейне
Түндер ұйқысыз
Төгілгендей сенім кейде

Жанымды тапсырамын әнге
Өкініш жоқ, дегенмен қарадым мен
Жалынды жастық өтті шөлдеп
Оятпа мені!
Жанымды тапсырамын әнге
Өмірім шоқ! күл болып қала берем
Бәрібір, жақсы болсын күндер
Оятпа мені!

Қаншама тер
Қанша еңбек
Келемін қансырап
Қаншама жер
Қаншама рет
Талпынып ек
Қарыздар қаншама
Қадалдым тек
Қаншама серт
Жабылып еді
Жатпа, ояншы
Қараңғы ел
Қаншама дерт
Жара емдеп
Айтшы қанша себеп?

Қаншама тер
Қанша енбек
Келем жара емдеп
Қарыздарға қамалып
Жалғыздықпен өрлеп
БІрде бай, бірде жоқ
Бізде той мен мерекелер
Уайым кайғыменен тоқ
Айтшы қанша себеп?
Оятпа мені
Оятпа мені!



Credits
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link