Dauylga

Уақытымды менің алшы
Бір күндік өмір бір ғасыр
Өкпелі сырыңды ашып
Жүректің үнін тыңдашы

Жағасыз теңізім тасып
Қалғандаймыз тым адасып
Өмірдің суы да ащы
Тоқтама! Өзгерер уақыт

Дегенмен кеудеде
Тірегі жоқ пенде
Өзгерем мен неге?
Күнделікті күйге
Көрінбейді көгімде
Қара құрдым бейне
Жарықсыз бұл үйден
Шығамыз

Дауылғаааа
Дауылғаааа
Дауылғаааа
Дауылғаааа
Дауылғаааа

Тағы бір күн, тағы да дауыл
Тағы үн жоқ, түніменен таңымды шалу
Өкінішпен ұйқы іздеп, өзімді тану
Тағы, мүмкін, бұйыра ма қанағаттану

Тез бастағанмен бәрін, аяғы жоқ ұғымдарым
Жаттағанмен келдім, жаңа ойым
Бұзылмады

Жалын желге жанды бердім, мейлі
Жалғыз демім жандыра ма деймін

Дегенмен кеудеде
Тірегі жоқ пенде
Өзгерем мен неге?
Күнделікті күйге
Көрінбейді көгім де
Қара құрдым бейне
Жарықсыз бұл үйден
Шығамыз үреймен

Дауылғаааа
Дауылғаааа
Дауылғаааа
Дауылғаааа
Дауылғаааа

Жалын желге жанды бердім, мейлі
Жалғыз демім жандыра ма деймін
Жалын желге жанды бердім, мейлі
Жалғыз демім жандыра ма деймін
Жалын желге жанды бердім, мейлі
Жалғыз демім жандыра ма деймін
Жалын желге жанды бердім, мейлі
Жалғыз демім жандыра ма деймін

Санамыз шегі жоқ қару
Кейде мың оймен улану
Тереңге түсер шың тауым
Теңесті қосу мен алу



Credits
Lyrics powered by www.musixmatch.com

Link